Экспо аумағындағы ауқымды шоу: Ninety one, робот-Титан және Дима Билан

Әр жексенбі және мереке күндері «Нұр Әлем» сферасында Мұрат Мұтұрғановтың «Smile» атты шоуымен «Энергия дөңгелегі» цирк қойылымы өтеді. Келушілер «Дөңгелек» — жанрындағы ең үздік әртістердің экстремалды нөмерлерін тамашалай алады. Команда сақтандырусыз жұмыс істейді. «Энергия дөңгелегі» шоуының атақты әртістері Франция, Англия, Ресей және Қазақстанда гастролдік іс-сапарлары сәтті өткен.

Сондай-ақ,  Қазақстанда алғаш рет «Нұр Әлем» сферасында  5 мен 29 шілде аралығында Абу-Дабиде Гран-при Формула -1, Ұлыбританияда  «iRobo» премьерасында, Рианнамен, Уилл Смитпен және Will.i.am, Сочидегі Олимпиаданың ашылуында өнер көрсеткен танымал әзілкеш, биші, әртіс робот -Титан өнер көрсетеді.

Фото: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ    баспасөз қызметі

Мұрат Мұтұрғановтың «Энергия дөңгелегі» және «TITAN THE ROBOT SHOW» шоуына қатысу үшін, «Нұр Әлем» сферасына кіру билетін сатып алсаныз жектілікті. Билетті ЭКСПО көрме аумағындағы кассалардан, expo2017astana.com және kassir.kz сайтынан сатып ала аласыз.

Фото: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ    баспасөз қызметі

7 шілдеде  сағ.20:00-де  Сіздер үшін  отандық жастардың кумиріне айналған Q-Pop музыкалық  жанырының негізін қалаушы «Ninety One» тобы  мен «Raim & Artur» дуэті  жылдың хитына айналған «Самая вышка» әнімен, және «Джейран» тобы өнер көрсетеді. ЭКСПО аумағында жазғы алаңда өтетін тамаша шоуды жіберіп алма!  Кіру тегін!

Әр жексенбі күні сағат 13.00 Мұрат Мұтұрғановтың «Smile» шоу-бағдарламасының клоундары, аниматорлары, сиқыршылары мен акробаттары цирк шоуына, және 19:00 — ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен музыкалық спектакльге шақырады. Кіру тегін.

22 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПОның  Конгресс орталығында  Дима Билан өзінің «Опять 35» атты жеке концертінде өнер көрсетеді. Концертке билет ала отырып, Сіз «Нұр Әлем» сферасына бір реттік тегін кіру мүмкіндігін аласыз.

Фото: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ    баспасөз қызметі

Мәдени-ойын-сауық бағдарлама түрлі стильді және  жанрды сүйетіндердің көңілінен шығатын болады. Қалған қосымша шаралар expo2017astana.com сайтында жақын арада жарияланады.