Өкіл имам қасиетті Рамазан айында облыс мешіттерінің жүргізген жұмыстарын саралап айта келіп, әр өңірдің имамдарынан есеп алды. Әсіресе, мүфтияттың төрт бағыты бойынша жүзеге асырылған тапсырмалар  жайы баса назарға алынды. Кеткен кемшіліктер де, жеткен жетістіктер де жан-жақты  тілге тиек етілді.

Жыл басынан бергі бес айда ағымдармен күрес жөнінде 387 іс-шара өтіп, оның аясында 8 мыңдай адам қамтылған. Дәстүрлі діннің құндылықтарын сезінбей жүрген 111 тұлғамен жеке кездесулер өтті.

Жалпы, өткен Рамазан айында көп игі істер тындырылды. Жаңа бастамалар да көтерілді. Бұл ретте қайырымдылық шараларға баса назар аударылды. Мысалы, Науан хазірет мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі қасиетті ай бойы 3 миллион теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетіліп, барлығы 882 отбасы қамтылды.

Бас қосу соңында бас имам Қуаныш Сәбит мешіттің діни ақпараттық насихатына үлес қосып жүрген Бақыт Смағұлды алдағы журналистер мерекесімен құттықтап, оған естелік сыйлықты табыс етті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!