«Бәйтерек» монументінің жұмысы уақытша тоқтатылады

1-7 қазан аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументі уақытша жабылады.

Астана әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бәйтерек» монументінің шыны бөлігін жуу, ішкі қабырғаларды сылау және ғимаратты пайдалану кезінде туындаған кейбір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар монументті қысқа және жылыту кезеңіне дайындау қолға алынбақ.

Монумент 8 қазанда қонақтарға қайта ашылады.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек» монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты биыл 21-28 мамыр аралығында да уақытша жабылған еді.