Польша поштасы Бәйтерек суретімен марка шығарады

16 маусым күні «Польша поштасы» АҚ Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігімен (PARP) серіктестік барысында жасалған «Астана EXPO 2017 халықаралық көрмесі» сериялы пошта маркасын шығарады.

«Тиражы 120 мың дананы құрайтын марканың авторы — польшалық дизейнер Анджей Госик. Марканың көлемі: 39,5 x 31,25 миллиметр, флуоресценттік қағаз қолданылды», — делінген хабарламада.

Маркада бейнеленген композицияда графен атомдарының өрнегіндегі аспан аясында өсіп жатқан ағаштың «Бәйтерекке» жалғасып жатқаны көрсетілген.

Марканың «Табиғи ресурстар», «Графен», «Көгілдір көмір» және «Ревитализация» жазуларымен польшалық көрменің сарыны бар төрт купоны бар.

ДереккөзInform.kz