Елдос Сметов Рио Олимпиадасының алтын медаліне таласады

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен күрескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті.

Осыған дейін ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді «юко» әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.