Басты бет / Жаңалықтар /
158264a4259fb5dd78af9e2c3e158a7a 1 Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды

Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Қапшағайдағы «Болашағыңды басқар» лагерінің ашылуында мәлімдеді.

Қанат Ислам биылғы жылдың қазан айында кезекті жекпе-жегін Алатау ауданында құрылысы жаңадан салынып біткен спорт алаңында өткізбек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы: «Қанат 21 рет жекпе-жекке шығып, 21 рет жеңіске жеткен боксшы. 22-ші кездесуін ол жаңа спорт алаңында өткізеді. Әлемде осындай бес спорт зал бар болса, соның бірі бізде», — деді. Сондай-ақ, ол жастарды отандасымызды қолдауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

2 Пікір

  1. Д
    Дамира 10 жыл бұрын
    Қанат Исламның бұл қызметті ойдағыдай алып шығатынына сенімдімін! Сәттілік!
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Отандасымызга,кандасымызга кайраттылык,саттилик тилимин.