Алматыда ұлттық нақышта өрнектелген қоқыс жәшіктері пайда болды

Жыл соңына дейін Алматы көшелерінде 5778 қоқыс жәшігі орнатылса, парктерде 2934 орнатылмақ. Олар магистраль жолдарда, аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, вокзалдарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылады. Екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы тиіс. Адамдар көп жүретін жерлерде бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылады.

Қала басшылығының өкілдерінің айтуынша, Алматыда қоқыс жәшіктері жетіспейді. «Көп жағдайда бұл ұрлық және вандализм деректеріне сай. Жыл сайын қоқыс жәшіктері 1,5 мыңға данаға азая түседі. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметі бойынша, 2008 жылы 16 мың,  2013 жылы 2000 қоқыс жәшігі орнатылған. Алайда 2016 жылы қалада тек 8000 қоқыс жәшігі қалған. Сонымен қатар, қала көлеміде айтарлықтай ұзарған», — делінген хабарламада.

Осы жобаға қала билігі 300 миллион теңге жұмсамақ. Сонымен қатар орындықтарды да орнату қарастырылған. Саябақтарда қоқыс жәшігі мен орындықты орнату 19 мың теңгені құрайды.

Осы қоқыс жәшіктері төзімді металлдардан жасалған. қалыңдығы небәрі 1,5 миллиметр. Мұндай металмен жабдықталған қоқыс жәшіктер біраз жылға жарайды.

ДереккөзTengrinews.kz