Шымкентте жоғалған 17 жастағы егіз жігіт табылды

«Егіздерді 2 тамызда полиция қызметкерлері темір жол вокзалынан тапқан. Олар тірі әрі дін-аман. Олардың жағдайы жақсы. Қазіргі кезде олар үйінде», — делінген хабарламада.

Полицейлер дамуында тежелу бар ағайындардың қайда болғанын және қайда бара жатқанын айтып түсіндіре алмағанын түсіндірді.

«Мамандандырылған емдеу мекемесіне оларды жатқызу мүмкін болмай тұр — балалардың ата-анасы рұқсат бермей отыр. Бұл егіздер осымен тоғызыншы рет үйінен қашып кеткен», — деді өңірдегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Шымкентте жоғалған егіз жігітке іздеу жарияланған болатын. 17 жастағы Асан мен Үсен Садықовтар үйінен шығып, қайта келмеген. Зіңгіттей егіз жігіт бала күнінен ауыратындықтан, өз әрекеттеріне жауап та бере алмайды екен. Соңғы мәрте екі ай бұрын жоғалған оларды 10 күннен соң анасы шалғай ауданнан тауып алыпты. Ол кезде егіздердің өзі Бәйдібек ауданына біреулердің қой бақтыру үшін әдейі алып кеткенін айтқан.

ДереккөзTengrinews.kz