GetContact
Фото: Forumdaily.com

Қазақстанда GetContact соттың шешімімен бұғатталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызмет комитетінің директоры Ержан Біржанов Астанада өткен брифингте хабарлады.

GetContact ресурсы соттың шешімімен тоқтатылды, бұл шешімді біз іске асырдық, деді Ержан Біржанов журналистердің сауалына жауап бере отырып.

ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызмет комитеті директоры заңмен тыйым салынып, бұғатталғанына қарамастан бұл қосымшаны интернеттен не себепті әлі де жүктеп алуға болатыны жөнінде түсінік берді.

Бұл жағдайлар қосымшаның жаңа версиясының пайда болуына байланысты. Жаңа нұсқасы пайда болғанда, жаңартылып отырады. Бірақ ол нұсқа тоқтату туралы шешім шығарылғанға дейін ғана жұмыс істейді, – деді комитет директоры.

Еске салайық, GetContact қосымшасына ресми түрде тыйым салынғаны бұған дейін мәлім болған еді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!