Өзгелердің телефонында қандай атпен сақталғаныңызды білесіз бе?

1. GetContactt қосымшасы

Қосымшаны смартфонына жүктеген қолданушылар өзіне қоңырау шалған таныс емес номерлерді анықтай алады. Сондай-ақ басқалардың контактісінде қандай атпен сақталғанын біле алады. Қосымшаға тіркелу процесі WhatsApp-тағыдай жүзеге асады. Одан кейін «Іздеу» жүйесіне өзіңіздің немесе басқа біреудің номеріңізді жазасыз. Кімде GetContact бар, сол адамдардың контактілерінде қалай сақталғаныңызды біле аласыз.

Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта Қазақстан бойынша қосымша жұмыс істемей тұр. Бұл адамдардың жаппай қолдануынан кейін туындаған болуы мүмкін. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, қосымшаға мақсатты түрде бұғат қойылған. Себебі ол адамның жеке құқықтарына қолсұғушылық ретінде танылуы мүмкін.

2. NumBuster қосымшасы

Бұл қосымшаның негізгі қызметі — тыйым салынған қоңыраулардан телефон иесін қорғау. NumBuster спамерлердің, коллектор, басқа да телефонмен сөйлескің келмейтін адамдардың базасын жүргізеді. Бағдарламаның басқа да пайдалы тұстары бар: оны орнатқан адамдар өзгелердің телефонында қандай атпен сақталғанын көре алады. Айта кетейік, NumBuster қосымшасын пайдаланып көрген қолданушылардың ғана контактісінде қалай сақталғаныңызды біле аласыз.

NumBuster
© Vesti.ru

Қолдану тәсілі: басты бетте «Мой профиль» шертпесі тұрады. Команда бергеннен кейін «ШПИОН» түймесіне басасыз. Кімнің контактісінде қалай сақталғаныңыздың нәтижесі шығады.