Амир Махмет Олимпиадалық құраманы қолдау ретінде жаңа рекорд орнатты

10 жасар Амир кеудесен жерден 1000 рет көтеріп, Қазақстан бойынша абсолютті рекорд орнатты. «Бөлектау» шыңында орындаған рекордын Амир Қазақстанның Олипиадалық құрамасына қолдау көрсету мақсатында орнатты.

Амир Махмет

Рекорд КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтың тарапынан тіркелді.

Жастығына қарамастан Амир Махмет бүгінде КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының төрт мәрте рекордсмені болып табылады. Алғашқы рекордын ол 2015 жылдың 1-ші маусымында «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Bar Bars командасы тарапынан ұйымдастырылған Street Workout бойынша жазғы маусымының ашылуында кеудесін жерден 450 рет көтеріп орнатқан болатын. Екінші рекордын Амир Street Workout-тан өткен Ақмола облысының чемпионатында кеудесін жерден 30 минутта 50 рет көтеріп орындаған! Ал үшінші рекордын жас спортшы 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында кеудесін жерден 550 рет көтеріп орнатты. Төртінші, балалар арасындағы әлемдік рекордын Амир бокстан кәсібилер арасында әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегіне қолдау ретінде орнатты.

Амир Астанадан бірнеше шақырым жерде орналасқан Қажымұқан ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда оны түрлі телевизиялық бағдарламалар мен спорттық іс-шараларға қатысуға жиі шақырады. Салауатты өмір салтын берік ұстанған Амир өзгелерді де спортпен шұғылдануға шақырады!

Амир — спортты серік еткен Махметовтер әулетінің жарқын өкілдерінің бірі. Ағасы Айдар Махметов, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, каратэ және ММА-дан 3 мәрте әлем чемпионы, джиу-джитсудан 3 мәрте Еуропа чемпионы, атасы Әлімжан Махметов спорттың алты түрі бойынша разряд иегері болып табылады. Тағы бір ағасы, бокстан ҚР-ның чемпионы Азат Махметов «Астана Арланс» командасының сапына кіреді, сондай-ақ бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі. Оқуда да, спортта да алда болу – бұл әулеттің берік ұстанған басты қағидасы.