19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік мен шығыстың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысындағы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.