«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 18 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен бұрынғысынша күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Қызылорда облысында да жел 15-20 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.
