Алматыда сот залынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Қазір ол Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

1991 жылы туған күдікті Д.Досмағамбетов ұрлау дерегі бойынша ұсталған болатын. Ол сот ғимаратына өз үкімін тыңдау үшін жеткізілген. Алайда, сақшылардың аңғалдығынан болса керек, күдікті ебін тауып, ғимараттан қашып кетіпті. Оның бұған дейін де ұрлық бойынша жауапқа тартылғаны анықталып отыр.