«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты Мәңгілік ел, Қабанбай батыр және Абылайхан даңғылдары жабылады. №11 автобустың да қозғалысын уақытша тоқтату жоспарланып отыр. Осыған орай ІІД әкімшілік полиция басқармасы астаналықтардан жол бағытын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауды сұрады.
«AstanaMarathon-2018» қатысушылары екі қашықтықты еңсеруі тиіс: 10 км-ден 42,2 км-ге дейін. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады. Марафонға қатысу үшін astana42k.com сайтында онлайн тіркелу керек.
Astana Marathon-2018 — жыл сайынғы халықаралық марафон. Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған. Биылғы шараға әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам қатыспақ. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жалпы саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы — шетелдік агенттер. Қатысуға ниет білдірген елдер арасында Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания бар.