Астана марафонына 5000-ға жуық адам қатыспақ

«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты Мәңгілік ел, Қабанбай батыр және Абылайхан даңғылдары жабылады. №11 автобустың да қозғалысын уақытша тоқтату жоспарланып отыр. Осыған орай ІІД әкімшілік полиция басқармасы астаналықтардан жол бағытын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауды сұрады.

«AstanaMarathon-2018» қатысушылары екі қашықтықты еңсеруі тиіс: 10 км-ден 42,2 км-ге дейін. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады. Марафонға қатысу үшін astana42k.com сайтында онлайн тіркелу керек.

Астана, марафон
Astana.gov.kz

Astana Marathon-2018 — жыл сайынғы халықаралық марафон. Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған. Биылғы шараға әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам қатыспақ. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жалпы саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы — шетелдік агенттер. Қатысуға ниет білдірген елдер арасында Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания бар.

ДереккөзAstana.gov.kz