Алматы тұрғындары мемлекеттік қызметті электрондық түрде тұтынуға үйреніп жатыр

Мемлекеттік қызмет департаменті алматылықтардың мемлекеттік қызметті электрондық түрде тұтынуына мол мүмкіндік жасап жатыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2022 жылға дейін цифрлануды 80 пайызға көтеруіміз керек. Біз қазірдің өзінде халыққа қызметтерді электрондық түрде қалай пайдалану керектігін үйрету үшін белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Сондықтан әрдайым жаңа технологияға бейім болғандықтан жастарға үйретуді бірінші кезекте қолға алдық, — дейді Алматы мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары Шынарай Әлімхан.

Өткен жылдың соңында университеттерде мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті. Онда «Азаматтарға арналған үкімет» пен қалалық мемлекеттік қызмет департаменті Сатпаев атындағы политехникалық университет студенттеріне шеберлік сағат өткізді.

Енді мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлік туралы немесе сотталғаны туралы анықтаманы жалғыз құпия сөз арқылы компьютер арқылы оңай алуға болады. Мұндай технология бар және оны қолдануға бәрінің мүмкіндігі бар, — дейді Шынарай Әлімхан.

Алматы мемлекеттік қызметтер департаменті қаладағы көпеген жоғары оқу орында шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлаған.

ДереккөзZakon.kz