Атырауда «Бабалар ізімен» халықаралық жобасы жүзеге асырылады

Жобаның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның рухани байлығы, қазіргі заманғы дамуы мен мәдени-этникалық бірлігі туралы баяндау. «Бабалар ізімен» жобасы — патриоттық авто-мотошеру. Ол туралы Wheels Brothers MC Atyrau мотоклубының президенті Олег Шмаль 23 тамыз күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына қызметтік іссапары барысындағы кездесу кезінде мәлімдеген еді.

Біз жаңа Жібек жолының Қытайдан Батыс Еуропаға дейін, Сары теңізден Солтүстік теңізге дейінгі ең ұзақ бағытын қамтуды жоспарлап отырмыз. Жолымыз 12 мың шақырым болады. Әрине, ауқымдылығы қаражатқа байланысты, сондықтан серіктестік пен демеушіліктен бас тартпаймыз. Бұл авто-мотошеру алғаш рет өткізіледі. Сондықтан біз қатысушы жинап, көлікті жабдықтап, тыңғылықты дайындалғымыз келеді. Бұл жобамыз келесі жылы жүзеге асады. Нақты уақытын қазір айта алмаймын

,- дейді Олег Шмаль. Оның айтуынша, қатысушыларға мынадай талаптар қойылады: физикалық тұрғыдан күшті болу, экстремал мототуризмге қызығу, өз елін сүю және ол туралы жақсы білу, кем дегенде бір шет тілін білу. Серіктестік және демеушілік бойынша байланыс телефоны: 8 701 111 2136.