Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Триумф авторлары — Даяна Әбдірбекова, Алина Әділханова және Адиля Тілекенова.
Қыздар 159.850 ұпаймен сайысқа қатысушылардың бәрінен үздік шықты.
Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.
Еске салайық, бұған дейін каратеші Гузалия Ғафурованың алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.