Жаңбырлы күн: 25 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Мамандардың мәліметінше, республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерін тигізеді.

Соның ықпалымен аталған өңірлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде толассыз жауын жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні 23 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да жел күшейеді. Күндіз Алматы облысында арагідік шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшті болады. Еске сала кетейік, синоптиктер бұған дейін 25-27 тамыз күндері үш тәулік бойы жаңбыр жауатынын хабарлаған еді. Солтүстікте толассыз жауын жауады.