Денис Тенді еске алу: Алматыда фотокөрме өтеді

26 тамызда Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған D10 WORLD сурет көрмесі ашылады. D10 WORLD фотокөрмесін ұйымдастыруды қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының достары мен жақындары қолға алған. Көрме 26 тамыз — 2 қыркүйек аралығында Esentai Gallery залында өтеді.

Көрмеде Денис Тен түсірген фотосуреттер, сонымен қатар өзі қатысқан спорттық шаралар барысында түсірілген суреттер және әріптестері мен достарының видеожоба сы ұсынылады.

Көрме 26 тамызда 18:00-де салтанатты жағдайда ашылады. Кіру тегін.

Қазақстан спортының жарық жұлдызы, даңқты мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

ДереккөзTengrinews.kz