Жаңбыр мен жел: 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 22 тамыз күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталықта және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде нөсер жауады, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстіктің жекелеген аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, түнде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде де найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертен тұман түседі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 22 тамызда Ақмола облысында түнде арагідік нөсер жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада найзағай ойнап, солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей уақытта жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде және таңертен тұман түседі. Күндіз бұршақ жауады.