21 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 21 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын ұсынады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаң борайды.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді, түнде және таңертен тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-25 м/с-қа жетеді, дауыл соғып, тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-қа күшеюі мүмкін, сонымен бірге шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертен тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні түнде 23 м/с-қа жетеді, дауыл тұруы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.

«Қазгидромет» мамандары желдің күшеюі мен бұршақтың жаууына байланысты Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астанада және жаңбырдың салдарынан таулы өзендер суының көтерілуіне байланысты Алматы облысында төтенше ескерту жариялады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Құрбан айт күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.