Құрбан айт күндері ауа райы қандай болады?

Биыл Құрбан айт мерекесі 21, 22, 23 тамыз күндері тойланады. Бұл күндері еліміздің батысында ауа температурасы төмендейді.

Республиканың өзге аймақтарында 20-25 градус ыстық болса, оңтүстікте ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріледі.

«Батыс Сібір аудандарының суық ауа массалары Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарында сақталады. Сондықтан жаңбыр жауып, жел соғады. Осы аптада күзгі бұлтты ауа райы қалыптасады», — делінген хабарламада.