Теңге биржада төртінші күн қатарынан нығая түсті

KASE-дегі таңғы сауда қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 359,46 теңге болды.

16 тамыз күнгі күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың құны 360,59 теңге болған еді.

Таңғы саудадағы алғашқы мәміле 1 доллар — 360 теңге деген бағамен жасалды. Әзірше ол — доллардың теңгеге қатысты ең жоғарғы құны. Ең төменгі баға — 358,99 теңге.

Осылайша, теңге биржада төртінші күн қатарынан нығайып отыр.

Сауда көлемі 53,3 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде долларды 359,5-360 теңгеге сатуға және 360,4-361,3 теңгеден сатып алуға болады.

Астана уақыты бойынша сағат 11.01-дегі мәліметке қарағанда, Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі — 71,41 доллар.

ДереккөзTengrinews.kz