Kiki Challenge үшін жүргізуші 6 айға куәлігінен айырылады

Полицейлер флешмобқа байланысты тәртіп бұзған азаматтар айыппұл төлейтінін немесе үш тәулікке қамауға алынатынын ескертеді. Сонымен бірге олар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай жағдайлар күннен күнге артып келеді. Оны әлеуметтік желілерден байқауға болады. Флешмоб қатысушылары жолдың ортасында тоқтап, жол ережесін бұзып қана қоймай, өзінің де, өзгенің де басын қауіпке тігеді. Осыған байланысты, Атырау облысының ІІД мұндай тәртіп бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту ісі қарастырылғанын ескертеді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Kiki Challenge флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

ДереккөзІnform.kz