Қытайлықтар Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін кен орнын сатып алмақ

Бүгінде аталмыш кен орнын Altyntau Kokshetau компаниясы жетілдіруде. Компания «Қазцинктің» еншілес ұйымы болып саналады. Bloomberg мәліметі бойынша келісімшарт сомасы $2 млрд-қа жетуі мүмкін. Wall Street Journal басылымы да сондай ақпарат беріп отыр.

Кен орнын  Қытайдың 500 ірі компаниясы қатарына енетін Shandong Gold Mining Cо компаниясы сатып алғысы келеді. Қазақстандық кен орнына таласып отырған өзге қытайлық компания – Zhongjin Gold Corp. Ол да Қытайдың ірі алтын өндіруші компаниясы саналады.

CRU Group ақпаратына сәйкес, 2015 жылы Васильковский кен орнынан 380 мың унций алтын өндірілген. Бұл кен орны Glencore компаниясының ірі алтын шахтасы саналады. Компания оны қарыздарын жабу үшін сатып жібермек. 2015 жылы Bloomberg мәліметіне сәйкес, Glencore компаниясының қарызы $25,9 млрд-қа жеткен. Ағымдағы жылы олар қарыздарын $17 млрд-қа дейін түсіре алған.

Еске салсақ, 2016 жылдың сәуірінде «Қазцинк» серіктестігі Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Комарвский кен орнын Polymetal International Plc компаниясына сату туралы келісімшарт жасасқан болатын. Оның құны $100 млн-ды құраған.

ДереккөзNUR.KZ