2018 жылдың 6 айында Қазақстаннан кетіп қалған адамдардың саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті.
«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 26,5%-ға кеміп, 6368 адам болды. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адам болды, көші-қонның айырымы -10803 адам болды», — делінген комитеттің ресми сайтында.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,2%-ға, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 89,7%-ға тең. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесі еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,9%-на тең.
Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:
Астанада – 5748 адам;
Алматыда – 17715 адам;
Шымкентте – 43 222 адам.
2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4%) болды. 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.
Халықтың көші-қоны
2017 жылғы қаңтар-маусым |
2018 жылғы қаңтар-маусым |
|
Көші-қон – барлығы | ||
Келгендер | 512 568 | 434 483 |
Кеткендер | 518 968 | 445 286 |
Айырымы | -6 400 | -10 803 |
Ішкі көші-қон | ||
Келгендер | 503 905 | 428 115 |
Кеткендер | 503 905 | 428 115 |
Айырымы | — | — |
Сыртқы көші-қон | ||
Келгендер | 8 663 | 6 368 |
Кеткендер | 15 063 | 17 171 |
Айырымы | -6 400 | -10 803 |
ТМД елдері | ||
Келгендер | 5 995 | 4 918 |
Кеткендер | 13 381 | 15 399 |
Айырымы | -7 386 | -10 481 |
Басқа елдер | ||
Келгендер | 2 668 | 1 450 |
Кеткендер | 1 682 | 1 772 |
Айырымы | 986 | -322 |