Биыл Қазақстаннан 17 мыңнан астам адам кетіп қалды

2018 жылдың 6 айында Қазақстаннан кетіп қалған адамдардың саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті.

«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 26,5%-ға кеміп, 6368 адам болды. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адам болды, көші-қонның айырымы -10803 адам болды», — делінген комитеттің ресми сайтында.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,2%-ға, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 89,7%-ға тең. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесі еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,9%-на тең.

Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

Астанада – 5748 адам;
Алматыда – 17715 адам;
Шымкентте – 43 222 адам.

2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4%) болды. 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Халықтың көші-қоны

2017 жылғы
қаңтар-маусым
2018 жылғы
қаңтар-маусым
                                                               Көші-қон – барлығы
Келгендер  512 568  434 483
Кеткендер  518 968  445 286
Айырымы  -6 400  -10 803
                                                                Ішкі көші-қон
Келгендер  503 905  428 115
Кеткендер  503 905  428 115
Айырымы  —  —
                                                            Сыртқы көші-қон
Келгендер  8 663  6 368
Кеткендер  15 063   17 171
Айырымы  -6 400  -10 803
                                                             ТМД елдері
Келгендер  5 995  4 918
Кеткендер  13 381 15 399
Айырымы  -7 386  -10 481
                                                                   Басқа елдер
Келгендер  2 668  1 450
Кеткендер  1 682  1 772
Айырымы  986  -322