11-13 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

11 тамыз

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде нөсер жауып, жекелеген аудандарда найзағай ойнайды, екпінді жел мен дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман болып, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, шаң көтеріледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады. Жел екпіні 15-25 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с-қа дейін күшейеді, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында күндіз екпіні 17-22 м/с-қа жететін жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл тұрады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

11-13 тамыз

Кар теңізі аймағынан тағы да суық, дымқыл арктикалық ауа келеді, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн қатты күркіреп, алапат дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде температура 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді. Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, 13 тамызға қарай температура біртіндеп көтеріледі.