Доллар 358 теңгеден сатыла бастады

Доллар айырбас пункттерінде 358 теңгеден сатылып жатыр. Мәліметті Kurs.kz-тен көруге болады.

Биржадағы 9 тамыз күнгі күндізгі сессия қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 355,38 теңгеге дейін әлсіреді.

Мұндай жағдай соңғы рет 2016 жылдың 22 ақпанында болған еді.

ҚР Ұлттық банкі қазіргі уақытта теңгенің долларға қатысты бағамы қаржы реттеушісінің қатысуынсыз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Банктің мәлімдеуінше, теңгенің әлсіреуіне АҚШ-тың Ресейге қатысты санкцияларды қатаңдату жоспары мен мұнай бағасының төмендеуі әсерінен рубльдің құнсыздануы себеп. Ұлттық банк теңге бағамын реттеуге бағытталған интервенциялар жүргізуге дайын екенін де хабарлады. Бірақ қаржы сарапшылары дүрлігуге негіз жоқ деп есептейді.