Айырбас пункттерінде доллар құны 355 теңгеге жетті

Ресейде рубльдің рекорд деңгейге құлдырауынан кейін Қазақстандағы айырбас пункттерінде доллар 350 теңгеден қымбатқа сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, 9 тамыз күнгі 09.35-тегі жағдай бойынша айырбас пункттерінің көбінде долларды сату 352-352,2 теңге, ал сатып алу 354-355 теңге болды.

KASE биржасындағы 8 тамыз күнгі күндізгі сессия қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 348,98 болған еді.

Мәскеу биржасында 1 доллар 65 рубльге, евро бағамы 75 рубльге жетті. Сарапшылар рубльдің құлдырауына АҚШ-тың антиресейлік санкциялар туралы заң жобасының дүдәмалдығы себеп деген пікірде.

ДереккөзTengrinews.kz