«Тает лед» бағдарламасының Денис Тен жайлы шығарылымы жарияланды

Денис Тенге арналған бағдарламада Алексей Ягудин спортшының жаттықтырушыларынан, әріптестерінен және достарынан сұхбат алған. Актер Санжар Мәди, мәнерлеп сырғанаушы Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Траньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, Денис Теннің алғашқы бапкері Елена Водорезова мен танымал бапкер Татьяна Тарасова спортшы жайлы естеліктерін айтты.

Бағдарламаның түсірілімі Алматыда, Мәскеуде және Сочиде өткен.

Еске салайық, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні кісі қолынан қайтыс болды. Денис Теннің қазасы күллі әлем жұртшылығын тебірентті.

Денис Тен — мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.

ДереккөзMatchtv.ru