Ұлттық бюроның 9 департаментінің басшысы орын ауыстырды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында кадрлық ауыстырулар жасады.

Ведомствоның ресми өкілі Нұрлан Жахиннің хабарлауынша, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы және Алматыдағы департаменттердің бір қызметте 2 жылдан 4 жылға дейін отырған басшылығына қатысты ротация жүргізілді.

СЖҚІҚ ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысы болып  бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған Нығмеджан Сапаров тағайындалды.

Жамбыл облысы бойынша департаментке бұрын Қызылорда облысы бойынша департаментті басқарған Әділхан Әшірбаев тағайындалды.

Қарағанды облысы бойынша департаментке Денис Шәкенов басшылыққа келді, ол бұрын Павлодар облысы бойынша департаментті басқарған еді.

Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаментіне бұрын Шығыс Қазақстан облысындағы департаментті басқарған Сергей Потанин жаңа басшы болып тағайындалды.

Маңғыстау облысы бойынша департаменттің басшысы болып бұрын Қостанай облысындағы департаментке жетекшілік еткен Елдос Сағадиев тағайындалды.

Павлодар облыстық департаментіне бұрын ұлттық бюроның Алматыдағы департаментінде басшы болған Ержан Ыбырайымов тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментке Құрмаш Сейітбеков тағайындалды. Ол осы кезге дейін Атырау облысы бойынша департаментті басқарып келген еді.

Шымкенттегі департаментке Мұрат Қарымсақов басшы болды, ол бұрын Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарды.

Түркістан облысындағы департамент басшысы болып бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған Нұрлан Қамбатыров тағайындалды.

«Бір лауазымда ұзақ отыру еңбек мотивациясын төмендетеді, қызметкер өз көкжиегін бір учаскенің шеңберімен шектейді, кемшіліктерге бойы үйреніп кетеді, қызметін жаңа әдіс-формалармен байытуды доғарады. Лауазымды ауыстыру жағдайды реттеуге, жаңа шарттарға жылдам бейімделуге мүмкіндік береді. Сондықтан ротация жоғары буын басшыларын даярлау бағдарламасының міндетті элементі болып тұр. Ол әлеуетті ашудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, кадрлық резервті жетілдіруді ынталандыруға басымдық береді», — деді Нұрлан Жахин Астанада Ұлттық бюро ғимаратында өткен брифинг барысында.

ДереккөзTengrinews.kz