Басты бет / Жаңалықтар /
6a875eeeae68331ac68645a0697402c1 Амандық Баталов жағажай волейболынан турнирге қатысты
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Амандық Баталов жағажай волейболынан турнирге қатысты

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында ардагерлер арасында жағажай волейболынан турнир өтті. Командалық ойынға облыс басшысы Амандық Баталов та қатысты.

Жарысқа 40 пен 65 жастағы ойыншылар қатысты. 4х4 ойын форматында «Жетісу», «Жастар», «Ардагер» және «КНБ» аталатын төрт команда қатысып, жақсы ойын көрсетті.

Бұл жарыстың бір ерекшелігі – шаршап-шалдыққан ардагер ойыншыларды шектеусіз алмастыруға болатындығы.

Амандық Баталовтың өзі «Жетісу» командасында ойнаса, оның орынбасары Жақсылық Омар «Жастар» командасының құрамында ойнады.

Жарыс барысында жеті ұпай артық алған «Жастар» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Жетісу» командасы, үшінші орынды «КНБ» командасы иеленді. Облыс басшысы жүлдегерлерді марапаттап, ойыншыларға кубок, диплом және медальдарды табыс етті.

Амандық Баталовтың айтуынша, «волейболды көбіне ақылды еркектер ойнайды».

«Сеткадан өткен допты 2 секундтың ішінде қалай ұратыныңды ойлап үлгеруің керек. Сол берілген екі секундтағы шешімің қалған ойын барысының нәтижесіне тікелей әсер етеді», — деді облыс әкімі.

5f25c8e985e0344d179c07335aa988c6 Амандық Баталов жағажай волейболынан турнирге қатысты

Қараша айында «Жастар» спорт сарайында халықаралық классикалық волейболдан жарыс өтіп, оған алыс-жақын шетелдерден ардагер ойыншылар қатысады. Онда Алматы облысы әкімінің жүлдесіне талас болады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз