Атырауда су көліктерінің шеруі өтті

Шеруге 40-тан су көлігі қатысты. Олар: 25 қайық, 10-нан аса су мотоциклі, 5 моторлы қайық.

Марафонға каратэдан әлем чемпионы Әсел Серікова, муайтайдан әлем чемпионатының қола жүлдегері Дидар Болатов, Кикбокстан әлем кубогының иегері Азамат Өтемісовтер бастаған бір топ спортшы қатысты. Шара Ретросаябақта концертпен аяқталды.

Су көліктері шеруін қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Айта кетейік, бұған дейін «Адал жол» марафоны Атырау облысының 7 ауданында өткен болатын.