Халыққа сағат 00.00-ге дейін қызмет көрсету жобасы тоқтатылды

2018 жылдың 6 тамызынан бастап Астанадағы, Алматыдағы және Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының фронт-офистерінде қосылған «Түнгі ХҚКО» пилоттық жобасы тоқтатылады. Енді олар дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Өткен жылдың маусым айында Астананың Есіл ауданындағы №2 бөлім, Алматының Әуезов ауданындағы №1 бөлім, Шымкенттегі №5 бөлімі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08.00-ден 00.00-ге дейін қызмет көрсету пилоттық жобасы қосылған болатын.