Денис Теннің жаттықтырушысы карьерасын аяқтады

Оның соңғы шәкірті Денис Тен болған еді.

«Менің жасым 80-нен асып барады және бұдан былай мәнерлеп сырғанаушылар үшін жауапкершілік алғым келмейді. Алдағы уақытта Еуропа мен Азияға ұшақпен ұшпасам деймін. Өмірімде неше рет ұшақпен ұшқанымды сіздер, тіпті, елестете де алмайсыздар. Саяхаттайтын болсам, мұны тек өз игілігім үшін жасағым келеді. Ассоциация мен мәнерлеп сырғанаушы алдында жауапкершілікті сезінбеу үшін жарыстарға қатысқым келмейді. Спортшының күйзеліске түскенін көріп те қиналғым келмейді», — дейді Кэролл.

Маманның бұл салада жүргеніне 60 жыл болған. 1997 жылы ол Олимпиаданың үздік бапкері атанды. Кэролл шәкірттерінің арасында Олимпиада чемпионы Эван Лайсачек, бес мәрте әлем чемпионы Мишель Кван, әлем чемпионатының жеңімпазы мен Олимпиада ойындарының үздігі Тимоти Гейбл бар. Кэролл қазақстандық спортшы Денис Тен, америкалық Грейси Голд пен Мираи Нагасу және италиялық Каролина Костнерлермен жұмыс істеген еді.

Денис Тенді Фрэнк Кэролл 2010 жылдан бастап жаттықтырып келді. Қазақстанның ұздік мәнерлеп сырғанаушысы 19 шілде күні Алматы қаласында кісі қолынан қаза тапқан еді. Шілде айында Денис Тен жаттығуын жалғастыру үшін АҚШ-қа кетуі керек болған.

3 тамыз күні Кэролл соңғы рет жаттықтырушы ретінде жұмыс істейді.

ДереккөзBaq.kz