Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары АҚШ-та алаяқтығы үшін айыпталып отыр

Қазақстанның үш азаматы мен тағы 22 адам АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр.

Нью-Йорктің Оңтүстік округы прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес, Әзірбайжанның төрт, Қазақстанның үш, Украинаның екі азаматы, Латвияда туған екі адам және АҚШ пен Түркия азаматтығын алған басқа да адамдар бар. Осы іс бойынша әзірше Нью-Йоркте 11 адам, Флорида мен Мичиганда тағы бірнеше адам ұсталды.

Сегіз адамға іздеу жарияланды, олардың арасында Ресейдің алты азаматы бар. Айыпталушылардың көлік сатылатыны жайлы жалған хабарламалар жариялап, адамдардан кепілақы алғаны, полициядан жасырынып жүргені айтылады. Бұған қоса, олар жалған фирмалар ашқан. Қылмыстық топ келтірген залал шамамен 4,5 миллион доллар болған. Прокуратураның мәліметінше, істің әрбір фигуранты 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сол сияқты, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегені үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені хабарланды.

ДереккөзTengrinews.kz