Полиция Денис Тенге салынған пышақты тәркіледі

Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған екі жігіттің бірі — Арман Құдайбергенов полицияға қылмыс кезінде қолданған пышағын тапсырды. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің мамандары хабарлады.

Полицияның мәліметінше, қазір тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қылмысын мойындап, заттай айғақтарын тапсырды.

«Атап айтқанда, күдікті Құдайбергенов тексеру барысында қылмыс кезінде қолданған қаруы — пышақтың жасырылған жерін көрсетті, пышақ кейін тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына Бұл қылмыстық іс бойынша бірнеше сот сараптамасы тағайындалды, соның ішінде молекулалық-генетикалық, сот-медициналық, медициналық-биологиялық және қылмыс қаруына медициналық-криминалистік сараптама жасау, тағы басқа», — делінген ІІД хабарламасында.

Көзбе-көз жауап алу барысында Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ салған өзі екенін мойындады. Бұған дейін спортшыға пышақ салған Арман Құдайбергенов екені хабарланған еді.

25 жастағы даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда қаскөйлердің қолынан қаза тапты.

Денис Тен – 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын. Президент тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объектив жүргізілуін қамтамасыз етуді ескертті. Президент әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстап отыру тапсырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев мәнерлеп сырғанаушының туыстарына оны өлтіргендердің тиісті жазасын алатынына сенім білдірді.

Дереккөзzakon.kz