Басты бетЖаңалықтарҚазақстан түсірген...

Қазақстан түсірген фильм Мадрид кинофестиваліне қатысып жатыр

Қазақстандық және мексикалық режиссерлар дуэті — Елжас Рақымбеков пен Антонио Чавестің «Эль Фриман» көркем фильмі Мадридте халықаралық кинофестивальге қатысып жатыр. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды «Үздік оператор» және «Үздік режиссер-дебютант» номинацияларында бақ сынайды.

«Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыс драмасы жанрындағы картина Лос-Анджелесте үкіметтен жасырынып жүрген иммигранттың өмірі туралы баяндайды. Эль досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, компанияның бұрынғы клиенттерін тонап, күн көреді. Кино желісі бұл екеуі бай, бірақ жалғызбасты қариямен жолыққан кезде өзгереді. Картина режиссерлері —

«Фестивальден тек жақсы жаңалық күтеміз. «Үздік режиссер-дебютант» жүлдесіне үміткерлер қатарына енгенімізге қуаныштымын. Әрине, жүлделі орыннан көрінетінімізге сенімдімін. Фильмнің операторы Эрик Кьонаш «Үздік оператор» жүлдесіне лайық деп ойлаймын», — дейді Елжас Рақымбеков.

Мадридте жыл сайын өткізілетін халықаралық фестивальде киноиндустрияның түрлі елден келген өкілдері, әсіресе, жас киногерлер мен кәсіби режиссерлар, дистрибьюторлар мен басқа да мамандар бас қосады. Фестиваль жеңімпаздары 28 шілдеде анықталады.

Елжас Рақымбеков — актёр, сценарист, режиссер. «Либертус» кинолабораториясының негізін қалаушы (2014, Невада, АҚШ). Халықаралық «Еуразия-2015» кинофестивалі Work-in-progress номинациясының жеңімпазы («Эль Фриман көркем фильмі, Алматы, Қазақстан); Таллин-2015 халықаралық кинофестиваліне қатысқан; Қазақстан киносыншылары қауымдастығы шешімімен «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясына үміткер болған («Арман», 2017, реж. Рашид Сүлейменов).

Антонио Чавес Мексиканың MVS Exa ТV телеарнасы үшін көңіл көтеру бағдарламаларды жарыққа шығаратын ірі компанияларының бірінде режиссер және продюсер болып қызмет атқарды. Маркетинг және жарнама салаларының да маманы. 2009 жылы ол Carta Entretenimiento компаниясын құрған.