17 шілдеде ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батыс өңірінің кей жерлерінде ауа температурасы +40-43 градусқа жетеді. Сонымен қатар аталған өңірлерде жауын-шашынсыз, аптап ыстық болады.

Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары барий шұңқырының және сонымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді, сондықтан мұнда кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Осы мезгілге қалыпты ауа райына жақын температура сақталады.

Солтүстік облыстарға Кола түбегінде орналасқан антициклон тарамдары ауысады. Соның нәтижесінде жауын-шашын тоқталады.