Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батыста – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с тұрады, түнде және таңертең тұман болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ке жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде де қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі күшті болады.