Сенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарынлда да жел 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-22 м/с жетеді.

Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.