Басты бетЖаңалықтарБүгін Қазақстанның...

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

Еліміздің кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, оңтүстікте түнде және таңертең дауыл болады, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді.

Атырау облысында кей жерлерде қатты ыстық болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігі, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.