«Астана — бұл біздің ұмтылыстарымыздың басты кейіпкері және символы, біздің арманымыздың нышаны, сенім мен шығармашылық! 20 жылда Астана біздің еліміздің жүрегіне айналды, бұл тәуелсіз және мықты мемлекет Қазақстан тарихының берік символы. Мұның бәрі біздің мемлекет басшысының идеясының іске асуының нәтижесу. Қазіргі Астана — саяси лидерлер, бизнес-серіктестер мен инвесторлар үшін, зиялы қауым кездесулері, арман, шығармашылық жоспарлар, инновациялық идеялар мен батыл бастамалар орын алатын алаң. Сондықтан Астана гүлденіп, Қазақстан дамып, біздің азаматтарымыз бақытты болсын», — деді облыс басшысы.
Шара аясында Н.Назарбаевтың 2018 жылы 20 маусымдағы Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медальімен 33 адам марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, білім беру, медицина, БАҚ қызметкерлері бар. Мерекелік шара облыстық шығармашылық ән-би ұжымдарының концертіне ұласты.