«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша кітапханалық ресурстарды цифрлы форматқа көшіруде қыруар іс орындалуда. Осы саладағы жұмыстарды дамыту зор міндеттер жүктеп отыр. Осы орайда ауылдық жердегі кітапханалар тек қызмет көрсету мекемесі емес, заман талабына сай ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналуы тиіс», — деді Ә.Жоламанов.
Шараға қатысушылар жаңа орталықтың тынысымен танысты. Орталық 4 алаңнан тұрады. Соның бірі relax аймағы, яғни демалыс аймағы болып табылады. Мұнда бос уақытты тиімді өткізуге болады. Караокемен ән айтуға немесе домбыра, гитара шертесің бе, мархабат. Сондай-ақ келушілерге өнер, музыка тақырыптарындағы әдебиеттер ұсынылады. Тоғызқұмалақ, шахмат, тағы басқа ойындарды ойнауға болады.
Келесі алаң KIDS COWORKING center деп аталады. Яғни, балалар орталығы. Бұл жерде қауіпсіз интернет (сайттар, планшеттерден толық мәтінді әдебиеттерді оқуға болады), сондай-ақ қызығушылығы бар оқырмандардың ұйымдастыруымен «Қолөнер» үйірмесінің жұмысын, «Қуыршақ театрының» қойылымдарын тамашалауға болады. Және балалар ата-аналарымен келіп, электронды әдістемелік құрылдарын пайдалана алады.
Ал «Рухани жаңғыру» алаңында «Онлайн-әдебиет» түрлі форматтағы кітапханалық-ақпараттық ресурстарды пайдалану, шеберлік сыныптар, зияткерлік ойындар, дәрістер өткізу қарастырылған. Осы алаңдағы ENGLISH club-та «Латын әліпбиі графикасы», «Компьютерлік сауаттылық», «Шығармашылық атмосфера» секілді бұрыштар жасақталған. OPEN-SPACE ашық кеңістік алаңы WI-FI аймағы ретінде пайдалануға беріліп, мұнда бизнес серіктестік, іскерлік құжаттар жасақтауға болады.