Харуки Муракамидің қайталанбас ең үздік 10 туындысы

Харуки Мураками Халықаралық дәрежеде бірнеше атақ алған жапон жазушысы. Оның кітаптары 50 тілге аударылып, бүгінгі күні бэстселлерге айналып отыр. Харуки Мураками өзіндік ерекшелігі бар, оқиғаны әдемі етіп жеткізе білетін жазушы. Назарларыңызға Муракамидің туындыларының арасынан ең үздік ондықты ұсынамыз.

Харуки Мураками
©medium.com

1. «Слушай песню ветра» (1979)

Бұл кітап Муракамидің «Крысы» трилогиясының алғашқы романы. Туынды есімі аталмайтын бір адамның әңгімесі туралы. Ол өзінің досы егеуқұйрық, сүйікті қыздары мен өмірі туралы баяндайды. Оқиға желісінде әңгімелеуші мен оның досы Егеуқұйрық сыра ішіп отырады. Олар әйелдер туралы сөз етеді. Кенеттен бір ғажайыптың орын алғанын күтеді. Олар қандай оқиғаға тап болар екен?

Кітапта бірнеше ой қамтылған. Бірақ іліп алар ештеңе жоқ болып көрінуі де мүмкін. Оқуға жеңіл, өте сезімтал туынды.

2.  «Пинбол-1973»

«Крысы» трилогиясының екінші романы. Бұл кітапта жоғарыда аталған кейіпкердің әңгімесі жалғасын табады. Ол үйіне екі егіз қызды қоныстандырады. Туынды осы қыздар мен оның досы Егеуқұйрық туралы. Басты кейіпкер антикварлық (сирек кездесетін) ойыншық автомат іздеп шығады да, оны қараусыз қалған  құс фабрикасынан тауып алады. Оқиға желісі қалай жалғасатынын білгіңіз келсе, туындыны оқып шығуға кеңес береміз.

3. «Охота на овец» (1982)

«Крысы» трилогиясының үшінші романы. Адамға қой малының жаны қонғаны туралы Қытай аңызына негізделіп жазылған. Бұл оқиғада қойдың жаны қонған адам басты әңгімелеуші кейіпкердің өзі болады. Оқиға немен аяқталады екен? Қойдың жаны адамға қалай қонды және оқиға желісі ары қарай қалай өрбіді деген сұраққа туындыны оқып шыққаннан кейін біле аласыздар.

4. «Хороший день для кенгуру» (1983)

Кітап бірнеше сюжеттен тұрады. Оқылым барысында Адам-Қой (Человек-Овца), Құс-улы саңырауқұлақ (Птица-поганка), итбалық, таксидегі қансорғыш және тағы да бірнеше кейіпкерлерді кездестіресіз. Әрқайсының бөлек оқиғасы бар. Бұл кейіпкерлердің барлығы Муракамидің туындыларында бар. Қызыққа толы оқиғалардың орын алуымен қатар, оқиға желісі өте ерекше аяқталады.

5. «Страна Чудес без тормозов и Конец Света» (1985)

Туынды бір-біріне ұқсамайтын екі әлем туралы. Алғашында бұл екі әлемнің бір-біріне еш қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басында биік-биік қабырғалармен қоршалған қаладан қашып кеткісі келетін адамдар туралы айтылады. Кейіннен екі түрлі әлемнің қандай ұқсастығы бар екенін білесіз. Өте қызық оқиғалар орын алған қайталанбас роман.

Бұл кітаптың сүйікті оқырмандары өте көп. Бір рет оқып шыққан адамды керемет әсерде қалдыратыны сөзсіз деп те айтады. Ендеше, оқып шығып, бағасын өзіңіз беріңіз.

6. «Норвежский лес» (1987)

Басты кейіпкердің университет қабырғасында оқып жүрген кезінде екі қызы болады. Бірі әдемі, бірақ психологиялық ауытқулары бар Наоко және ақкөңіл, жайнақы мінезді Мидори. Екі қыз бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сюжетте басты кейіпкер оларды есіне алып отырған шағы суреттеледі. Кітап басқалардан сәл өзгеше, себебі онда әртүрлі тақырыптарда ашық түрде жазылған. Бірақ мұның бәрі Жапонияда орын алып жатқан мәселелердің бірі деп қарастырған жөн. Түсініп оқыған адамға, кітаптың айтары да, үйретері де көп.

7. «Дэнс- дэнс- дэнс» (1988)

«Охота на овец» туындысының жалғасы және «Крысы» трилогиясының соңғы кітабы. Кітаптың жанры: мистикалық детектив. Мұнда бірнеше жаңа кейіпкерлер бар. Осы трилогиядағы кітаптардың ішінде Егеуқұйрық туралы айтылған жалғыз кітап. Муракамидің айтуынша, бұл роман ерекшелердің ерекшесі. «Крысы» трилогиясының немен аяқталғанын білгіңіз келсе, «Дэнс-дэнс-дэнс» туындысын оқып шығыңыз.

8. «Мой любимый sputnik» (1999)

Бұл кітап барлық кітап сүйер қауымға арналмаған. Роман студент қыз Сумирэ мен өзінен үлкен әйелдің арасындағы махаббат туралы. Екеуі грек аралдарына аттанып, Сумирэ әбсәтте жоғалып кетеді. Сумирэ өзінің сүйіктісі мен қайта жолыға ма? Оқиға немен аяқталады? Муракамидің айтуынша, кітап кез келген адамның өмірінде орын алып жатқан, бірақ нормадан ауытқыған дүниелер туралы.

9. «Подземка» (1997)

1995 жылы Токия метросында болған лаңкестік актқа арналып жазылған деректі роман. Болған жәйтті өз көзімен көрген 62 адам авторға оқиғаның қалай болғанын баяндап береді.

10. «Кафка на пляже» (2002)

Оқиға желісі әкесінің мінезіне шыдай алмай, үйінен қашып кеткен жеткіншек бала туралы. Сюжет шиеленіскен оқиғалардан тұрады. Бұл туынды да барлық оқырмандарға арналмағандығын мойындау керек.