Баян Есентаева өзіне қолдау көрсеткен халқына ризашылығын айтты

«Түнерген күннен кейін үнемі күн шығады! Мен оны әрқашан білгем! Күнді бұлтпен, найзағаймен, жаңбырмен жауып қоюға болады, алайда ол шын мәнісінде жарқыраса, шуағы міндетті түрде сыртқа шығады! Дұға-тілектеріңізге, қолдауларыңызға, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін, мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің бүкіл өмірім, үміттерім, армандарым, тек жарқын және жақсы сәттермен ғана байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында шығар, мен әлі де өмір сүргім келеді, сүйгім келеді!», — деп жазды Баян Есентаева өзінің желдегі парақшасында.

Баян Есентаева өзіне қолдау көрсеткен халқына ризашылығын айтты

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында БаянЕсентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.