Ғимарат 75 бүлдіршіннің тәрбиеленуіне сай жасалған. Қазіргі уақытта 3 топ жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 4 уақытылы тамақ та қарастырылған. Жоба меңгерушісі, құрылтайшысы Индира Желеубаеваның айтуынша, мұнда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған.
«Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту керек деген сөзіне толықтай қосыламыз және бұған іс жүзінде де қолдау білдірудеміз», – деді ол.
Жалпы алғанда аталған жылы Талдықорған қаласында екі балабақша ашылды. Осының арқасында кезекте тұрған балалар саны жақын арада азаяды. Қазіргі күні Талдықорған аумағында 66 балабақша жұмыс істеп тұр.